Меню KDT

Новости

Главная Новости

12-16 қараша аралығында бастауыш сыныптар арасында өтілген «ENGLISH LANGUAGE IS A WORLD LANGUAGE» атты ағылшын тілі пәні апталығының қорытындысы

 

                                                  Астана қаласы №8 орта мектебі

12-16 қараша аралығында бастауыш сыныптар арасында өтілген

«ENGLISH LANGUAGE IS A WORLD LANGUAGE» 
атты ағылшын тілі пәні апталығының қорытындысы 
бойынша анықтама

2018-2019 оқу жылы

 

 12-16  қараша 2018 ж. аралығында ағылшын тілі апталығы өтілді.

Апталықтың мақсаты:

       Мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық шеберліктерін көрсету, таныстыру.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

   Апталық аясында пән мұғалімдері ашық сабақ пен сыныптан тыс іс-шаралар және сайыстар өткізді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.

   Дүйсенбі күні, яғни 12.11.18ж.  мектепішілік   саптүзеуде  «The Kingdom of three languages» тақырыбына апталықтың ашылуы өтілді. Мақсаты: Оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстыру. Апталықтың ашылуында  мектеп оқушылары өз өнерлерін ағылшын тілінде ән-жырмен көрсетті,  қойылым  қойылды. Апталықта өтілетін   іс- шаралармен жүргізуші 4-сынып оқушылары таныстырып өтті .

4 «Б» сыныбына ағылшын тілі мұғалімі Мутебаева А.Б. «I want to be healthy. Food» тақырыбына ашық сабақ өтті. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтіп келген мұғалім, сабақ жоспарын сол негізде жазды. Мақсаты оқушыға бағытталған. Сабақ жоспарына 7 модульдің 4-еуін енгізді. Бағалау модулі бойынша «Критериалды бағалау» түрін алды. Сонымен қатар сабақта көрнекілік құралдарды тиімді пайдалана білді. Оқушылар топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасай отырып, өздерінің ұйымшылдығын, пәнге деген қызығушылықтарын көрсете білді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын ашық айта білді.Өз білімдерін өздері бағалады.

      Сейсенбі күні, яғни 13.11.18ж. мектеп дәлізінде «I like English» тақырыбына тақпақтар сайысы өтілді. Сайыстың  мақсаты: Оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, тапқырлыққа шапшаңдыққа баулу. Бұл сыныптан тыс іс-шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты. Жалпы саны 8. Оқушылар әр түрлі тақырыпты таңдады және сол тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсете білді. Сайыс соңында дипломмен марапатталды. І орынға 2 «Ә» сынып оқушысы Қойшыбаева Айнара, ІІ орынға  2 «А» сынып оқушысы Хайролла Астанжан, ал ІІІ орынға 2 «Ә» сынып оқушысы Арыстан Нұрдаулет ие болды.

 

Осы күні, 3 «Ә» сыныбына ағылшын тілі мұғалімі Сарыбаева А.М. «Days of the week» тақырыбына ашық сабақ өтті. Бұл сабақтың жоспары да  жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, өз ойларын ашық айта білді. Мұғалім жас маман болғанымен сабақты өте қызықты әрі көлемді етіп дайындаған.Сабақ барысында оқушылар көптеген мәліметтер алып,сөздік қорлары кеңейді.  Топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасалынды. Сабақ барысында оқушылар көптеген мәліметтер алып,сөздік қорлары кеңейді.  Сабақ өз деңгейінде өтті.

   Сәрсенбі күні, яғни 14.11.18ж. мектеп дәлізінде «I’m a super star!»  тақырыбына әндер сайысы өтілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, сөздік қорын кеңейту, тілдерін дамыту. Бұл сайысқа 3 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты. Жалпы саны 8. Оқушылар әр түрлі тақырыпты таңдады және сол тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсете білді. Сайыс соңында дипломмен марапатталды. І орынға 3 «А» сынып оқушысы Өлке Сабира, ІІ орынға  3  «В» сынып оқушысы Аружан, ал ІІІ орынға 3 «А» сынып оқушысы Төлегетай Алина ие болды.

   Бейсенбі күні, яғни 15.11.18ж. мектеп дәлізінде «Travelling to the fairy world» тақырыбына көріністер сайысы өтілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, сөздік қорын кеңейту, тілдерін дамыту, актерлік шеберліктерін шыңдау, ашу. Бұл сайысқа 4 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан қойылымға  байланысты 9-10 оқушыдан қатысты. Жалпы саны 42. Оқушылар әр түрлі ертегілерді таңдады және сол тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсете білді. Сайыс соңында дипломмен марапатталды. Бұл сайыста 4 «А» сынып оқушылары қойылымды аса шеберлікпен көрсетіп, Гранприге ие болды. І орынға 4 «Ә» сынып оқушылары, ІІ орынға  4 «Б» сынып оқушылары, ал ІІІ орынға 4 «В» сынып оқушылары ие болды

   Жұма күні, яғни 16.11.18 ж. Мектеп дәлізінде апталықтың жабылуы өтілді. Салтанатта жиынға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Апталықтың жабылуы концерт түрінде өтілді. Оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Апталықтан алған әсерлерімен бөлісті. Апталықта белсенділік танытқан оқушылар аталып мақтау қағаздармен марапатталды.

      

          

 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны