№38 мектеп-лицейінде қазанның 27 сі күні мектеп ауласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру негізінде оқушылар мен жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Білім модернизация орталығы сонымен қатар ЖШС «Оператор РОП», «Клин Сити» компаниясының қолдауымен бірыңғай «Vпереработку» тақырыбында мектеп оқушылары арасында квест өтті. Оған 7 сынып оқушылары қатысты. Шараны ең алғаш болып мектептің әлеуметтік педагогы Салимгожина Ж.Т ашып берді. Ол оқушыларға экологиялық тазалықтың маңызын атап өтіп, қоқыстарды бөлек жәшіктерге қалай бөліп жинау керек екенін түсіндірді. Квест педагог-ұйымдастырушы Орал Ж.С ұйымдастыруымен өтті. Онда пластик, әйнек, қағаз, электроника бекеттері бекітіліп, әр бекетте экологиялық сұрыптауға байланысты тапсырмалар берілді. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары бекеттердегі тапсырмаларды жүргізіп, тиянақты өтуін қадағалады.Квест соңында 7 «А» сыныбы жеңіске жетіп, өздеріне тиесілі 1 дорба алманы ұтып алды.Шарадан кейін оқушылар үйінен алып келген өңдеуге жіберілетін макулатура, пластик бөтелкелер, газет-журналдар,іске аспай қалған электрондық бұйымдар, қаңылтыр ыдыстарын мектептің экологиялық сұраптауға жіберілетін, сары түсті қоқыс жәшігіне салды.
















Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны