Мектебімізде күз мерекесіне орай «Алтын күз» байқауы өтті. «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға 5-10 сыныптар қатысты. 5-10 сыныптар үш кезең бойынша жарысты. Әр сынып топпен заманауи би билеп, күзгі сән үлгісі мен жеміс-жидектерден жасалған букет көрсетті. «Алтын күз» мерекесі 25.10-27.10 аралығында өтті. Әділқазылардың шешімі бойынша 25 қазан күні 5-6 сыныптар арасында Бас жүлдені 5 «Е» сыныбының оқушылары жеңіп алды. 26 қазан күні 7-8 сыныптар арасында Бас жүлдені 8 «А» сыныбы иеленді. 27 қазан күні 9-10 сыныптар арасында Бас жүлдені 9 «А» сыныбы қанжығасына байлады. «Алтын күз-2018» мерекесі өте қызықты және әсерлі болды. Жыл сайын «Жас ұлан» ұйымы жоспарға әр түрлі жаңашылдық еңгізіп , оқушылар мен ата-аналарды көңілінен шықты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны