#74 мектеп-гимназиясында 26 қазан күні Алматы ауданы мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларының арасында "Адал ұрпақ-честное поколение"атты аудандық турнир өтті.
Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында 26 қазан күні Алматы ауданы мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларының арасында "Адал ұрпақ-честное поколение"атты аудандық турнир өтті. Турнирдің басты мақсаты-жемқорлыққа қарсы тәрбие мен жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылардың құқықтық тәрбиесін жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тарату. 3 кезеңнен өткен турнирге Астана қаласы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің бас маманы Исақұл Алан Абдісерікұлы, арнайы мониторингтік топ мүшесі Сайлаубай Асель және 74 мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңес төрағасы Қонысбаев Жандос Абумуталифұлы қазылық етті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша 1-орынды 53 мектеп-лицей, 2-орынды 74 мектеп-гимназиясының "Әділ жол" атты командасы, 3-орынды 73 мектеп-лицейі иеленді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!




Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии