Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Анам және мен»

2018 жылы, қазанның 13-жұлдызында Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде Халқаралық қыздар күніне арналған мерекелік, спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара жарыс түрінде өткізілді. Жарысқа барлық 5 сынып қыздары мен аналары шақырылды. Жарыс алдында музыкалық сүйемелдеумен бір орында дене қыздыру және жалпы дамыту жаттығуларын жасауға  жалпылама сапқа тұрғызылды. Жаттығу соңында командалар ретін анықтау жұмысы  ұйымдастырылып, 8 сыныптан 7 команда шықты. Яғни әр сыныптан бір жұп, анасы мен қызы сайысқа түсіп, өзгелері жанкүйер ретінде қатысуға мүмкіндік алды.

Төрт кезеңнен құрылған сайыс тартысты өтіп, бас жүлдені 5 «Е» сынып ұжымы жеңіп алды. Барлық қатысушылар лицей директоры атынан алғыс хатпен марапатталып, жүлделі орын алған қатысушыларға шағын сый-сияпат жасалды.

Марапаттау кезеңінен кейін қатысушылар мен көрермендерге кері байланыс парағы үлестірілді. Түймедақ  жапырақшаларына барлық қатысушылар жағымды пікір жазып, осындай шаралардың жиі ұйымдастырылуын ұсынған. Мерекеге орай өткізілген спорттық шара өз мақсатына жетіп, 5-сынып қыз балалары арасында қолайлы қарым-қатынас орнатуға өз ықпалын тигізді.





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны