Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығының аясында «Әдіс-тәсілдер» жәрмеңкесі өтті
Білім ордамызда қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығының аясында «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі» атты әдіс-тәсілдер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері өз әріптестеріне тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті. Айталық, «Оқырман пікірі» стратегиясы, «Жүріп мәтін оқу», «Балмұздақ таяқшалары», «Поэзия минуты», «Үздік хат» әдісі, «Жүгіргіш диктант», «Таза қағаз» және т.б. әдіс-тәсілдер жиынтығымен таныстырды. Аталған әдіс-тәсілдерді оқушының оқылым, тыңдалым, айтылым тапсырмаларын, сондай-ақ анализ-синтез, интерпретация дағдысына, ой шақыру, зейінді шоғырландыру, кейіпкер табиғатын ашу және т.б. мақсаттарға сай, орынды қолдануға назар аударылды. Жәрмеңкеге қатысқан өзге пән мұғалімдері бұл әдіс-тәсілдерге байланысты өз пікірін білдіріп, басқа пән аясында қалай қолдануға болатынын сөз етті. Аталмыш жәрмеңке әсіресе жас мамандарға бағыт көрсетерлік жақсы іс-шара болды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии