Қазан айының 18-19 жұлдызы күндері 5-10 сыныптар арасында оқушылардың күз туралы білімін ұштау, кеңейту мақсатында «Күз-мереке,күз-береке» тақырыбында алтын күзмерекесі өтті. Сары алтындай сары күзді сарғая күткен оқушылар «Табиғат сыйы»көрмесіне ерекше дайындалған.
Күз байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі екенін оқушылар түсінді. Сайыстың шартынан сүрінбей өткен сыныптар төмендегідей жүлдеге ие болды:
5- ші сыныптар арасындағы сайыста 5 «А» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Капшаева Гүлшат Аблашқызы.
6 -шы сыныптар арасындағы сайыста 6 «Ә» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Шонова Әлия Қуанышбекқызы.
7 -ші сыныптар арасындағы сайыста 7 «Г» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Аренова Жәмилә Сәбитқызы
8 -ші сыныптар арасындағы сайыста 8 «Ә» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Азимбаева Жұлдыз Түзелқызы
9-10-шы сыныптар арасындағы сайыста 10 « Б » сыныбы бас жүлдені жеңіп алды. Сынып жетекшісі Смагулова Арай Серікбекқызы
Барлық сыныптар арасында өткен күз мерекесінің жүргізушілері өз шығармашылықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Ұйымдастырушы сыныптарға мектеп әкімшілігі атыныналғысымызды білдіреміз. Күзге рахметтерін айтып, өз өнерлерін көрсеткен оқушылардың да саны артқан. Игілікті істер жалғасын таба берері сөзсіз.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны