ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
11-12 қазан күндері Астана қаласы мектеп оқушылары арасында қалалық " Сәкен оқулары" байқауы өтті. Байқауға 81 "Astana English school” мамандандырылған гимназиясынан 7 "А" сынып оқушысы Жарасқызы Айнұр "Сыр сандықты ашып қара" номинациясы бойынша ақынның поэзиялық шығармасын мәнерлеп жатқа оқудан 3-орынды иеленсе, 7"Ә" сынып оқушысы Байбуринов Бекарыс "Арқаның кербез сұлу Көкшетауы" номинациясы бойынша Сәкен әндерін орындаудан жүлделі 2- орынды иеленді. Жарайсыңдар, Бекарыс, Айнұр! Жеңістерің құтты болсын! Әрқашан биіктерден көріне беріңдер!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии