ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
19 қазан күні 2 өнер мектебінде Астана қаласы жалпы білім беру мектептері арасында өткен ІХ қалалық "Асыл мұра" ұлттық өнер байқауына 81"Astana English school” мамандандырылған гимназиясының 7 "Ә" сынып оқушысы Байбуринов Бекарыс "дәстүрлі ән" номинациясы бойынша қатысып, жүлделі 1- орынға ие болды. Бекарыс байқауда Жаяу Мұсаның "Ақ сисасын" және xалық әні "Ақ бақайды" орындады. 5 "А" сынып оқушысы Тусупкалиева Айзере "ұлттық аспаптарда орындаушы" номинациясы бо
йынша жетігенде xалық күйі "Кербез қыз" бен А.Жұбановтың "Қарлығаш" күйін орындап Бас жүлдені иеленді. 4 "Ә" сынып оқушысы Болатxан Ерасыл домбырада Құрманғазының "Саранжап" күйі мен Н. Тілендиевтің "Жекпе- жек" күйін орындап жүлделі 2-орынды иеленді. Жарайсыздар, балалар! Осындай байқауға оқушыны дайындаған ұстаздары Марал Бейсаинқызы, Қарлығаш Сталбекқызы, Нұрдаулет Ибрашұлына алғыс айтамыз! Осындай жүлделер көп болып, шәкірттеріміз жеңіс тұғырынан көріне берсін!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии