ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
Бүгін 81 "Astana English school” мамандандырылған гимназиясында «Интеграцияланған оқыту - көптілді ортаны қалыптастырудың негізгі құралы» деп аталатын қалалық семинар өтті. Семинарға барлығы 9 мектеп, мектеп директорлары, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасарлары, балабақшадан мұғалімдер, координаторлар келді. Оның ішінде жетекші мектеп 81 мамандандырылған гимназия, 66 мектеп-лицей, 70 мектеп-лицей, 72 мектеп-лицей, 73 мектеп-лицей, 74 мектеп-гимназия, 83 мектеп-г
имназия, 85 мектеп - лицей, Нұрорда мектеп-лицей, 81 бала бақша келді. Семинардың мақсаты: Интеграцияланған оқыту негізінде мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру болып табылады. Өтілген ашық сабақтардың арқасында біз алға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз. Семинар бағдарламасы бойынша интеграцияланған сабақтар кіріктірілген түрде өтілді.
Бірінші сабақта «7-ге көбейту және бөлу» тақырыбында 3 «В» сыныбында Вакпаева Замзагуль Васильевна бастауыш сынып мұғалімі, Бидірахымова Е.Б, Ms Supriya ағылшын тілі пәні мұғалімдері өткізді. 9 «Ә» сыныбында «Net ionic equation using Google tools» тақырыбында Гареева Алия Суртаевна химия пәні мұғалімі және информатика пәні мұғалімі Мукушев Жандарбек Elaboration lesson өткізді. 6 «А» сыныбында «Giving Advice» тақырыбында Рашатова Самал, Mr Art Problem solving lesson өткізді. 8 «Б» сыныбында Путешествие по повести «Балуан Шолак» Нургожаева Алия Кыдырбековна, Хасенова Эльмира Келисовна, Сариева Гульмира орыс тілі, музыка, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері урок-беседа өткізді.
Екінші сабақта 3 «Д» сыныбында «Жануарлар қайда мекендейді?» тақырыбында Исагалиева Нургуль Сагидуллаевна, Атабай Ә.Н, Mr Felix бастауыш сынып және биология пәнінің мұғалімдері шығармашылық жоба қорғау сабағын өткізді. 7 «А» сыныбында Fils and TV» ағылшын тілі мұғалімдері Иманғали Толай Базарқызы және Mr Carl Multimedia lesson өткізді. 8 «Ә» сыныбында «Function of the form y= and its graph on GeoGebra» тақырыбында математика және информатика пәндерінің мұғалімдері Уразбаева Гульсим, Өмірзақ Ислам Аманжолұлы және Mr Lateef workshop өткізді. 9 «А» сыныбында «Киелі жерім, қазағым елім!» тақырыбында қазақ тілі, география, тарих пәндерінің мұғалімдері Мухтариханова Алуа Набиевна, Серікбаева Алмара Ғабдолқызы, Касенова Шынар Слямхановна танымдық-зерттеу сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.
Ашық сабақтардан шыққан мұғалімдерге мектеп холында кофе-брейк ұсынылып, сабақтан алған әсерлерімен өзара бөлісті. Мәжіліс залында «TED x AES» 9-11 сынып оқушыларымен жоба қорғалды. Семинарға келген барлық қонақтар риза болды. Барлық ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии