ҚАРТТАРЫМ -АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
1 қазан-Қарттар күні. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.
81 "Astana English school " мамандандырылған гимназиясында көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу мақсатында 1-11-сыныптар арасында "Қарттарым - асыл қазынам " тақырыбында тəрбие сағаттары өтті. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии