«Қазақ батырларының өмір беттерінен» іс-шарасы

2018ж. 26 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бөгенбай батыр ескертішінің алдында «Қазақ батырларының өмір беттерінен» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға №15 мектеп-лицей, №31 мектеп-гиманзия, №70 кадет мекеп оқушылары және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар Сарайының оқушылары белсене қатысты.
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы, XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғаған Бөгенбай батырға арналды. түсті.
Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында

мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсон қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.

Осы іс-шара жасөспірімдерге жаугершілік заманда елін, жерін, халқын жауға бермеген бабаларымыздың ісінен үлгі алып, патриоттық сезімдері оянып, жерімізді қорғау арқылы еліміздің дамуына зор үлесін тигізеді деп айтуға болады.
Салтанатты іс-шараға Астана қаласы маслихат депутаты Зейнулла Рахимович Шибкенов, Ермеков Т.Т.- ескерткіш мүсіншісі құттықтап, тілектерін айтты. Іс-шараға №15 мектеп-лицей және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар Сарайының оқушылары ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі және Тарихи және мәдени мұралары ескерткіштерін және объектілерін сақтауды бақылау жөніндегі мемлекеттік комитеті ұйымдастырды.
Іс-шара соңында Бөгенбай батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии