и Қазақстан халқы тілдер фестивалі аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жумабекова А., Туякбаева А. «Полиглот» интеллектуалдық ойынын өткізді. Осы іс-шараға 6-шы сыныптар қатысты. «Полиглот» ойыны 4 турдан құралды.
1 тур «Блиц-викторина» онда оқушыларға тілге байланысты , әр салаға қатысты сұрақтар қойылды. Осы турға барлық сыныптар белсенді қатысып, дұрыс жауаптар берді.
2 тур «Занимательное языкознание». Осы турда оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, үш тілде жауап берді.
3 тур «Переводчик. Найти рифму». Бұл сайыста тақпақтың ұйқасын ағылшын тілінде табу керек болды. Барлық сыныптар ұйқасын табуға тырысты. Әсіресе 6 «В», 6 «Д», 6 «Г» сыныптарының оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.
Соңғы тур «Щас спою...» деп аталды. Оның ережесі қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде бір өлең орындау.
Қорыта айтқанда, сайыс өз дәрежесінде өтті. Оқушылар қызығушылықпен сайысқа қатысты. Сайыстың жеңімпаздары мақтау қағазымен марапатталды. Осындай сайыстар болашақта өз жалғасын тауып, ұйымдастырыла берсін.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны