Астана қаласының №68 орта мектебінде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында кіші жастағы жасөспірімдер, 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияға 389 ата-ана қатысты. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы сөз сөйлеп, Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен таныстырды. Мектеп педагог-психологы Рустемова Жанар Тлеубергеновна өте көптеген психологиялық пайдалы кеңестер берді. Ата-аналар тарапынан жақсы пікірлер айтылды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны