Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тіл –достық пен келісім тірегі »

   2018 жылдың  5-  қыркүйек  күні «Тіл –достық пен келісім тірегі » атты бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен  тілдер апталығы болып өтті. 
Мақсаты
  • Туған тіл, ана тіліміздің маңызы мен қоғамдық қызметі, рухани байлығы тіл бұлағы екенін оқушылардың бойына сіңіру. Достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Үш тілдік саясатын дамыту. Оқушыларды сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Тіл мерекесіне қатысқандар қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, ағылшын пәні мұғалімдері, орыс тілі  жиыны- 30  ұстаз.  Сонымен қатар апталықта  5-11-сынып  оқушыларынан  100 -дей  оқушы  қамтылды.  Тіл апталығына  ата-аналар комитеті,  мектептен тыс ұйымдар, жас мамандар, ағылшын, орыс тілі, қазақ тілі мамандары, кітапханашылар,  мектеп әкімшілігі қатысты.  Апталық барысында «Тұтас буынның төлбасы –Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында эссе байқауы, «Қаламгердің көсемсөздері» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы, жас ақындар сайысы, Тіл білгірлері» айдарымен интеллектуалды ойындар сайысы сияқты қызықты байқаулар өтілді.

«Тіл –достық пен келісім тірегі » атты тілдер апталығының ЖОСПАРЫ:

 

Сабақтың тақырбы:

Іс-шаралар өткізу түрі

 Сыныбы

Мерзімі

Жауапты мұғалім:

1

Тіл фестиваліне қатысты тілдер апталығының ашылу салтанаты

«Тіл мәртебесі – ел мерейі »

Ашылу салтанаты

І-ІІ ауысым

05.09.2018ж

Сағат 12:30

Қазақ  тілі бірлестік мүшелері.

2

Интеллектуалдық ойын

 «Тіл білгірлері»

Сайыс

9-10 сыныптар

05. 09.18ж

Сағат 13:30

Бексейітова А.

Қожанова Н.

3

«Тұтас буынның төлбасы –Ахмет Байтұрсынұлы»

Эссе байқауы

8-11 сыныптар

05. 09.18ж

Сағ:9.00-11.00

Ильясова Қ.И.

Алмабаева Ә.А.

4

«Қаламгердің көсемсөздері»

Мәнерлеп оқу сайысы

5-7 сыныптар

05.09. 2018ж

 

Темірғалиева Б. Нарбек Балжан

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»» тақырыбындағы тіл мерекесі барысында барлық  сайыстар мен байқаулар жоғарғы деңгейде, асқан қызығушылықпен салтанатты түрде  өтті.  Атап айтқанда:   бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен салтанатты жиын мемлекетіміздің гимнімен басталды. 
Тіл мерекесінің  мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Үш тілдік саясатын дамыту» атты бейнежазба көрсетіліп, оқушылардың назарына Тіл заңына қатысты риторикалық сұрақтар қойылып, пікір алмасты.   ««Тіл білгірлері»  атты сайыс жүргізіліп, оқушылар өздерінің үш тілділік білімдерін және мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанушы, ағартушы, ұлт ұстазы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін  санамақ арқылы сынасты. Сайыс өте қызықты болып, оқушылар көңілінен шыға білді. Жеңімпаздарға тартулар ұсынылды. Сонымен қатар мектебіміздің болашақ тіл жанашырлары өздерінің тілге деген құрметтерін өз туындыларымен бөлісті. Жас таланттардың шығармалары көрермендердің көңілдерін толқытып, ризашылық сезімдеріне бөленді. Мектебіміздің түлегі Бақыт Есболдың монологы тыңдармандарға қатты әсер етті. Сондай –ақ көркемсөз шеберлерінің өнерлері көрермендер көңілінен шыға білді.
Салтанатты жиынға тілдер бірлестігінің барлық мүшелері  түгелдей қатысып, әкімшілік мүшелері,  ата-аналар, мектеп  оқушылары  (5-11) және басқадай пән мұғалімдері көрермен ретінде шақырылып, тамашалады. 
            Ерекшеліктері: Салтанатты жиында жас ерекшеліктеріне қарамай мектеп оқушыларының  өз ойларынан шыққан туындыларын салтанатты түрде нақышына келтіріп  оқып беруі көпшіліктің көңілінен шықты. Оқушылар Отанына, туған тіліне деген махаббаттарын мақтанышпен көрсете алды. Сонымен қатар қазақтың музыкалық аспаптарымен күмбірлете төгілген  күйлер мен халық әндері тартылып  тамашаланды.

Оқушылар  өз өнерлері  мен білімдерінің  шығармашылық даму кезеңінің дұрыс бағытта екендігін айқындап берді.  Бұдан біз аталмыш сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдердің еңбектерінің сапалық көрсеткішінің нәтижесі екендігін көреміз.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны