2018 жылы 7 қыркүйек күні Астана қаласы №68 орта мектебінде «Қызғалдақ» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Отбасының берекесі – имандылықтан басталады» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Отбасы тәрбиесі бала тәрбиелеудің негізгі іргетасы саналатындықтан, мағыналы тәрбиелік кешке келген ата-аналар мен оқушылар ой-пікірлерімен бөлісті. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгісінің иегері, ардагер ұстаз, өзін-өзі тану пәніннің мұғалімі Есенбаева Роза Түзелбайқызы кеш соңында «Ел болам десең, бесігіңді түзе!»,- деген Мұхтар Әуезовтың ұлағатты сөзімен қорытындылады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны