Мектепке жол акциясы
Астана қаласы, №24 орта мектеп
2018-2019 оқу жылы 01 тамыз – 30 қыркүйек аралығындағы
«Мектепке жол» акциясы айлығында жасаған жұмыстары туралы есебі
Мақсаты: 2018-2019 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы бойынша айлық жоспар жасау, мектепке тіркелген ықшам аудандар бойынша рейдтар жасап, ондағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын, мектепке қамтылмай отырған оқушыларды анықтау, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлерін аралап, олардың сол отбасындағы жағдайын тексеру.
Жалпы оқу бойынша мұғалімдер өздеріне бекітілген ықшамаудандарды аралап, мектепке қамтылмай отырған оқушылардың жоқ екендігін анықтады.
- Сынып жетекшілерімен бірге аз қамтылған, жетім балалардың үйлеріне рейдтар жүргізіліп, тұрмыс тұрғын – үй актысы жасалды.
- «Әлжан Ана» мешітінен аз қамтылған отбасынан шыққан 200 оқушыға құны 15000 теңге құрайтын кеңсетауарлыры толтырылған рюкзактар берілді.
- «Нұр Астана» мешітінің демеушілігімен 30 оқушыға ішінде кеңсетауарлар салынған мектеп сөмкелері үлестірілді.
- Астана қаласы «Есіл» аудандық әкімиятының демеушілігімен 56 оқушыға жалпы құны 30000 теңге болатын кеңсе тауарлары толтырылған рюкзактар берілді. Сонымен қатар «Хан шатыр», «Азия парк» ОСО-рына 72 оқушы ойын алаңдарын тамашалады.
- «Нұр Отан» ҚДП-ның демеушілігімен 21 оқушыға кеңсетауарлары бар рюкзактар таратылды.
- «Даму» министрлігінің министрінің демеушілігімен 5 «Г» сынып оқушысы Амалахан Мағжан, 4 «А» сынып оқушысы Амалахан Маржан және 3 «И» сынып оқушысы Мурадов Дамир әрқайсысы 25000 теңге тұратын мектеп формасымен қамтамасыз етілді және де 5-сынып оқушысы Өмірәлә Айбибіге жеке кәсіпкер, мектебіміздің тұрақты демеушісі Даримбетов Мейрамбек мектеп формасын алып берді.
- Кәсіподақ комитеті аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға және де №24 мектептің техқызметкерлеріне 1000000 теңгенің мектеп формалары мен қыстық киімдер алып берілді.
- Қазіргі уақытта мектеп бойынша 1-11 сыныптар аралығында 72 оқушы аз қамтылған санатына құжаттарымен енгізілді, оның ішінде 8 оқушы әлеуметтік нысанды көмек алушы ретінде, ал қалған 64 оқушы ата-аналарының айлық табысы күнкөріс деңгейінен төмен оқушылар.
- «Мектепке жол» айлығы жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік педагог А.Т.Карабаева
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии