Бүгін мектеп - гимназия мәжіліс залында «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты ата-аналарға психология-педагогикалық көмек беру мақсатында 11 сынып ата – аналарымен конференция өткізілді.
Конференция барысында ата-аналарға жан – жақты психология-педагогикалық кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналардың сұрақтарымен, ұсыныс- пікірлері тыңдалып, нақты жауап берілді.
Конференция жұмысына «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы» қоғамдық қорының төрайымы - Т.С.Шингужинова қатысты, Астана қаласы Сарыарқа ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы - С.Д.Станбаева атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібі мен ережесі жайында ата –аналарға толыққанды мәлімет берді, Сарыарқа ауданы Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры -Э.А.Шауленова балалардың күнделікті көшеде жүріп түру ережесімен таныстыра келе, ата –аналарды балалардың қауіпсіздігіне база назар аударуға шақырды.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии