«XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» Отбасылық Тәрбиелеу Институты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың отбасының бүтіндігі мен отбасылық құндылықтарды жетілдіру саясатын ұстана отырып, 2018 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің №38 мектеп-лицейінде «10,11-сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында біріңғай республикалық ата-аналар конференциясын өткізді.
Конференцияның ашылуында мектеп директоры Кәмила Кәрімбердіқызы келген ата-аналарды "Отбасы күні" мерекесімен құттықтап, шараның маңыздылығын атап өтті. Құрметті қонақ ретінде сөз алған Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі "Өрлеу" БАҰО АҚ академилық бөлім жетекшісі Аканбаева Сауле Каменовна және Педагогика және психология орталығының маманы Айменова Гүлжайна Тұрсынқызы бала тәрбиесінде отбасының рөлі жоғары екенін айтып, ата-аналарды балаға көп көңіл бөлуге шақырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны