«Қазақ тілі және А.Байтұрсынұлының мұрасы» тақырыбында семинар өтті.
5 қыркүйек ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдері күніне орай, №48 мектеп-лицейінде «Қазақ тілі және А.Байтұрсынұлының мұрасы» тақырыбында семинарөтті. Семинарға ЕҰУ-нен фиолология ғылымдарының докторы, профессор Әбдуалиұлы Бекжан ғалым қатысып, болашақ ұрпаққа үлгі болатын ұлағатты тұлғаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттады. Мектебіміздің оқушылары да А.Байтұрсынұлының асыл мұралары ұлтымыздың рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосатынын атап өтті. Семинар жоғары деңгейде өтті.