Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Сыңғырла соңғы қоңырау"

2018 жылы 25 мамыр күні Астана қаласының барлық өңірінде «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты жиыны өтті. Салтанатты шара Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында да орын алды. Алдымен жас түлектерді  мектеп директоры Г.М.Шаймердинов құттықтап, сөз сөйледі.
 - Бүгін мектеп бітіруші түлектеріміз үшін есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған жас түлектерді бүгінгі қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймын! Ел ертеңі Сіздерден озық ой, нұрлы ақыл, терең білім күтеміз және ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз, - деді мектеп директоры. Сонымен қатар, мектеп қонағы  Білім министрлігінің құқықтық бөлімінің бастығы Жарменов Ахан-Хамерил Заманович  жылы лебіздерін жеткізді.
      Шара барысында бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанған М.С.Умирбековтың жетекшілік жасаған биші балапандарымыз «Үш жүз» атты қазіргі заман биін тарту етті. 1 сынып оқушылары аға-әпкелеріне деген лебіз жырларын арнады. 11 сынып түлектері атынан Бекмұханбет Жанболат мектеп ұстаздарына арналған жүрек жарды арнаулары оқып, мектеп әкімшілігіне шексіз алғысын білдірді. М.Серікұлының жетекшілігімен ұйымдасқан мектептің халық аспаптар ансамблі «Балбырауын» күйін тарту етті.  
       Айта кету керек, мектепті осы жылы 89 түлек бітіруде. Оның 6-і алтын белгі. Салтанатты жиында ән айтылып, мектеп вальсін түлектер биледі. Осылайша, түлектер өздерінің алтын ұясымен қоштасса, ата-аналар балаларына білім беріп, тәрбиелеген ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді. Салтанатты кештің соңғы қоңырауын соғу сәті мектеп бітіруші көшербай Ғасырбек пен 1-сынып оқушысы Мурвалова Ульянаға бұйырды. Құлақтан үні кетпестей, соңғы қоңырау соғылды.
 

         

         


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны