БЖ РКБАИ біліктілікті арттыру курстарының тындаушыларына арналған көшпелі практикалық сабақ
2018 жылғы 4 сәуірде «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК базасында ҚР БЖ РКБАИ біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған көшпелі практикалық сабақ өткізілді. Тыңдаушылар Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары болып табылды.
Практикалық сабақтың мақсаты басқарушылық практикаға менторингтің инновациялық тәсілдерін енгізу бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларының кәсіби құзыретін арттыру болып табылады. Бағдарлама модераторы - Деңгейлік бағдарламалар орталығының сертификатталған жаттықтырушысы, ҚР БЖ «Өрлеу» РКБАИ ФАҚ Тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Турдахунова Куляйхан Катебаевна.
Практикалық сабақ барлық қытысушылар жиналғаннан сәттен басталды, бір-бірімен танысудан басталды және одан кейін семинардың бағдарламасымен таныстырылды. Жемісті жұмыс істеу үшін педагог психолог Бондаренко Татьяна Владимировна өзінің маңыздылығын дамытатын «Менің жетістіктерім» деген тренинг өткізді. Практикалық сабақта сонымен қатар қатысушылардың жобалау қызметін ұйымдастыру кезеңі көзделген, мұнда олардың қызметінде нақты бір және өзекті мәселеге басшылардың зейінін фокустау әрекеті қабылданды, әңгімені болжамдыдан нақты қызмет аясына ауыстыру. Қатысушыларға Метафорикалық ассоциацияланған карталарды пайдалана отырып, мектеп алды түзеу тобында «Менің жан дүниемнің денсаулығы» ұйымдастырылған оқу қызметінің түзеу-дамушы ашық сабағына қатысу ұсынылды. Одан әрі «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі Жолдасова Қарлығаш Каримовна ментордың кәсіби әңгімесін өткізді. Осы кезең сабақ және іс жүзіндегі практиканың теориялық мазмұнының арасындағы «көпір» болды. Одан басқа жұмыс процесінде осы әңгіме қатысушыларға нақты әдістер мен міндеттермен, тәсілдермен таныстырып қана қоймай, сонымен бірге оларға қатысып, тәжірибе алуға, басқару практикасында менторингтің инновациялық тәсілдерінің мүмкіндіктері мен шекараларын «ішінен» көруге мүмкіндік берді. Парктикалық сабаққа қатысушыларға «№22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК әдіскері Гелеверя Ольга Анатольевна жұмыс тәжірибесінен ұсынған «Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың білігі мен дағдыларын дамыту деңгейлерін бағалау жүйесін жетілдіру» лекциясы ұсынылды. Осы лекция барсыныда қатысушылар қолда бар өзінің жұмысы ретінде, және сабақта алынған осы ақпаратты өзінің заттай мазмұны ретінде пайдалануына болады.
Көшпелі практикалық сабақтар нәтижелі болып табылады, қатысушыларға өздерінің ғана жұмысын көрсетіп қана қоймай әріптестерімен кері байланыс жасауларына мүмкіндік береді, өз кезегінде менторингтің инновациялық тәсілдерінің күшті және әлсіз жақтарын көруге көмектесті, осы тәсілдің басқару практикасындағы күшейтетін және дамытушы тәсілдерінің ой-пікірін естуге көмектесті.






Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии