Бүгінгі күн мектеп жанындағы лагерь қатысушылары үшін «Дені саудың-жаны сау» атты ұранмен өтті. 07.06.2018ж. балалар денсаулық кепілі болып табылатын сергіту жаттығуларын орындап, пайдалы аспен ауқаттанып болғын соң дұрыс тамақтану туралы ақпараттық сағатқа қатысты. Мамандар балаларға тиімді ақпарат беріп, ойын арқылы қызықтыра білді. Балалар зиянды және пайдалы тағамдар жайлы мағлұматтар ала отырып, өздеріне қызықты сұрақтарға да жауаптар алды.
Сонымен қатар, балалар шығармашылық алаңында әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасап үйренді. Әр оқушы өзінше ерекше туынды жасауға тырысып, мастер класс арқылы үйренуге мүмкіндік алды. Және де бір-бірінің еңбегін бағалап, ерекшелігін бақылады.
Кейін оқушыларға талантын танытып, өз бойындағы ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік туды, ән айтып, тақпақ оқып сайысқа түскен балалар дән риза болды. Ал, ашық аспан астында ұйымдастырылған флешмоб қатысушылары мол шаттыққа бөленді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны