Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Балапан» демалыс лагерінің ашылуы және 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған салтанатты жиын

Мектеп жанынан құрылған «Балапан» демалыс лагерінің ашылу салтанатына орай ҚР Әнұраны орындалды.

Ашу рәсімі лагерь басшысы Кажуева Айслу Хайргельдіқызына берілді.

Бақшаға біз гүл ексек,

Балдырғаным, сен үшін

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең! –

деп басталған жиын керемет салтанатпен өтті. 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне, 4-маусым Рәміздер күніне арналған «Бақытты балалық шақ!» атты ертеңгілік өз мақсатына жетті.

Балаларды қорғау – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Лагерьге келген оқушылар Рәміздер күніне орай рухты да, таными мәліметтер алды.

Салтанатты жиында «Бәйтерек», «Қошақан», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Гүлдер», «Ақ желкен», «Балауса» топтары өздерін таныстырып, топтың ұраны, әні орындалды. Әр топтан оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

      Маусым айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енген. Лагерьде оқушылар мәдени ортаға бейімделеді. Мәдени ортада өз-өзін ұстай білуге үйрету, тәрбиелеу, дамыту тәрбиешілердің құзырында. Лагерьдің әр күні жоспар бойынша ұйымдастырылып, әр балаға бақыт сыйлары сөзсіз!

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны