№84 мектеп жанынан 1-4 сынып оқушыларына арналған «Балауса» легері ашылды. 6 топтан құрылған жазғы сауықтыру бағдарламасымен таныстыру салтанатты сап түзеуі Қазақстан Республикасы Рәміздері күнімен тұспа-тұс келіп, мемлекеттік ту шығарылып, әнұран айтумен басталды. Салтанатты жиында бастауыш сынып бүлдіршіндері ән айтып, би биледі. Ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері балаларды ойнатып, билету арқылы көңілді ойындар да ұйымдастырды. Мектеп жанындағы лагердің ашылу салтанаты балалар мен ата-аналардың көңілінен шықты. Мектепішілік лагердің күнделікті жоспары ерекше бағдарламалармен ұйымдастырылып, көпшілікке жарияланды.