Сыңғырла соңғы қоңырау
№55 орта мектебінде 25 мамыр күні мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау мерекесі аталып өтілді. Салтанатты іс-шараға 2018 жылғы мектеп түлектерін сынып жетекшілерімен бірге қарсы алды. Құттықтау сөз кезектері мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талғатқызы және құрметті қонағымызға берілді. Үздік оқушылар марапатталып құрмет шеңберін айналды. Аудандық , облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орын иеленген мұғалімдер мен оқушыларға алғыс білдірілді. Бітіруші түлек Ұланбасы Балгашева Ризаға "Білім кілтін" табыс етті. Барлық түлектер мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп сөз кезегін алса, Дүйсенова Малика «Ең соңғы қоңырау » әнін орындап мектепке , ұстаздарға деген ыстық ықыласын әсем әнмен жеткізді. Ата-аналар атынан және 1 сынып бүлдіршіндері атынан түлектерге деген көптеген тілектер мен ыстық ықыластар айтылды. Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларына ,жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тілеп түлектерді шығарып салды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии