25 мамыр күні 4 тоқсанның қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Мектебіміздің қоғамдық, зияткерлік, спорттық өмірінде белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. Рейтинг бойынша «1 ауысымның үздік сыныбы» ауыспалы кубогы 11 «Б» сыныбында қалса, «2 ауысымның үздік сыныбы» атағы 7 «В» сыныбына бұйырды.