Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды. 25мамыр күні қасиетті білім ордасында алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт -соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Биылғы 83 түлек, оның ішінде 3 алтын белгіге үміткер, 2 үздік аттестат иегерлері балалықтың бал дәурені, оқушылық өмірмен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақпақ. Мектебіміздің ардагер ұстаздары түлектерге қазақтың жақсы ырымымен «болашаққа жаңа қадамдары оң болсын» деген тілекпен «Жол ашар» рәсімін жасады. Мектеп директоры Самал Ботаханқызы оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, 2017-2018 оқу жылы білім, өнер, ғылым саласында үздік танылған оқушыларымызды марапаттады.
Салтанатты жиынға түлектерді алғаш құшақ жая қарсы алған ұстаз-анамыз Умарова Алма Қайрбулатқызы қатысып, жылы лебізін білдірді.
1сыныптың озат оқушылары түлектерді құттықтап, жүрек жарды жырларымен сәт-сапар тіледі. 11сынып түлектері ізін басып келе жатқан 10 сынып оқушыларына «Білім кілтін» табыстады. Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер өз арнауларын арнап, вальс биледі. Бітіруші түлектер үшін мектептің ең соңғы әуені, қоңыраудың әсем сазы соңғы қоңырау соғылды. Барша қауым түлектердің жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт сапар тіледі.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии