Меню KDT

Новости

Главная Новости

Білімнің жаңартылған мазмұнын іске асыру шеңберінде білім алушылардың оқу жетістектерін критериалды бағалау технологиялары және әдістері

     Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығын қолдау барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Жаңартылған білім мазмұнын енгізу бойынша серіктестік мектептер кластерімен бірлесіп,   2018 жылғы 1 ақпан күні «№3 мектеп-гимназия» ММ  «Білімнің жаңартылған білім мазмұнын іске асыру шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін  критериалды бағалау технологиялары және әдістері» оқыту семинар-практикумын өткізді.

 Семинарға білім беруді жаңғырту орталығының директоры Г.К.Ибраева; педагогика ғылымының қандидаты, профессор Ф.Я.Вассерман; ПШО тренері З.Е.Идришева; БАҰО АҚ «Өрлеу» тренері Л.Я.Пырлик; Астана қаласының мектеп директорларының орынбасарлары және критериалды бағалау бойынша кураторлар қатысты.
        
   Семинар мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде білімнің жаңартылған мазмұнына критериалды бағалауды қолдану бойынша қала мектептері арасында тәжірибемен алмасу.        
        Семинар қонақтарын және қатысушыларын «IT SCHOOL ROBOTICS» көрмесі қарсы алды, көрме барысында №3 мектеп-гимназиясының оқушылары қоршаған ортаны талдау бағдарламасын құрастыру және Arduino ілгері деңгей үшін робототехниканы (жоғарғы сыныптар), LegoMINDSORMS-ге (орта буын) WoDo робот түрлерінің (бастауыш мектеп) жұмыстарын және басқа да жобаларды, «Рухани жаңғыру» бағдарлама белгісін 3D принтерінде басып шығарып көрсетті
      «Білімнің жаңартылған мазмұны» кластер серіктестік мектептерінің критериалды бағалау бойынша үйлестірушілері жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:   С.В.Орлова (№1 мл), Р.О.Байманов (№2 мг), Л.Ю.Кан (№6 мг), К.Т.Зейнелова (№63 мг), В.А.Мандрикова ("Почемучка" б/б), олар қатысушылармен жиынтық және қалыптастырушы бағалауды іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті, педагогтар ата-аналармен және оқушылармен жұмыс бойынша атқарылған жұмыстарының тұсаукесерімен бөлісіп, қатысушылардың назарын білімнің жаңартылған мазмұнын іске асыратын мектептердің әкімшілігін және педагогтарын критериалды бағалау бойынша жұмыстың ерекшеліктеріне аударды.     
    Семинардың практикалық бөлігі ашық сабақтар және шебер-сыныптар түрінде ұсынылды, сабақтар барысында педагог жаңашылдар 2,5,7-ші сынып оқушыларымен критериалды бағалау бойынша түрлі технологиялар және  әдістерді көрсетті.   



   3 гимназия оқушыларының мектептік дебат клубы «Рухани жаңғыру» бағдарлама үндеуімен «Біз Қазақстан қоғамы ретінде, ұлттық сәйкестікті сақтауымыз қажет» тақырыбы бойынша  шеберлікпен ойын өткізді.   
    Қалалық семинар – практикумның қорытынды бөлігі «Ашық микрофон» пікірталас түрінде өтті, пікірталас барысында қала мектептерінің әкімшіліктері және педагогтары білімнің жаңартылған мазмұнын енгізудің жағымды және проблемалық аспектілерін, келешектегі даму болашағын талқылады.   
      Есте қалатыны, мектеп-гимназиясының оқушылары it_school-3 мектептің инстаграм бетінде семинардың тікелей эфирін жүргізді.   

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны