Меню KDT

Новости

Главная Новости

25 мамыр «Соңғы қоңырау» күніне арналған «Соңғы бұл, қоңырау сыңғыры» атты салтанатты жиыны

Бүгін, 25 мамыр күні № 61 орта мектебінде соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Соңғы бұл, қоңырау сыңғыры» атты салтанатты жиыны болып өтті. Жиын мектебіміздің «Сезім» би тобының дайындауымен жасалынған «Жыл мезгілдері» қойылымының негізінде ашылды. Табиғат пен біте қайнасқан тіршілігіміздің көрінісін ажарлы бір биге сыйдырып, көркемдеп жеткізе білген «Сезім» би тобының жетекшісі Коргашова Дана Казбековнаға алғыс айтамыз.



Жиынға Астана қаласы әкімдігінің “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының әдіскері Утенов Олжас Тельманович келіп қатысып, бітіруші түлектеріміз бен шәкірттерімізге өз ықыласын жолдады.

Мектеп директоры Жангазакова Кенжесары Апсейтовна түлектерге сынақтардан сүрінбей өтіп, мемлекеттің қорытынды аттестаттаудан және ұлттық бірыңғай  тестілеуден табысты нәтиже көрсетіп шығуларына тілектес екендігін білдірді. 



«Білген адам білімді өмір бойы іздейді», - дейді Ахмед Иүгінеки. Осындай ұлыларымыздың ұлағатты сөздерін ұлықтай білген  білімге құлаш ұрып, мектебіміздің мақтанышы болып жүрген оқушыларымыз мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ата-аналардың, ұстаздарының ақ жол тілеген салиқалы сөздерінен кейін мектеп түлектерінің атынан 11 «В» сынып оқушысы, болашағынан зор үміт



күттіретін түлегіміз Мыңбай Нұртілеу сөз алып, мектеп ұстаздарына деген ыстық ықыластарын жолдп, қоштасу вальсін биледі. Жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны