2017-2018 оқу жылының сәуір айының 16 мен 20 аралағында 5-11 сынып оқушыларына арналған «Ғылымдар патшасы - МИФ әлемінде» атты математика, информатика және физика пәндері бойынша апталық өтті. Апталық алдына мектеп директоры К.А Жангазаковамен бекітілген жоспармен өткізілді.Апталыққа байланысты бірінші қабат дәлізінде математика , информатика және физика пәндеріне байланысты нақыл сөздер, сөз жұмбақтар,ребустар және логикалық есептермен безендірілді.

Сонымен қатар оқушылардың шығармашылығын ,пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында көрме ұйымдастырылды.

16 сәуір күні Г. К Макумова , А.Д Шарыкбаеваның және А.Ө Есболованың дайындауымен 5-11 сынып оқушыларына арналған 10 «Б» оқушылары Архамбекова Ләззат пен Нахипов Ерболаттың жүргізуімен апталықтың ашылуы өтті. Апталықты ашылуын 10 «Б» , 5 «А» және 5«В» сынып оқушыларының орындауында «Функция графиктері» биімен ашылды. Бірлестік жетекшісі Г.К Макумова апталықтың ашылуына және өтетін іс-шаралардың сәтті өтуіне тілек білдіріп, оқушыларды апталыққа бір кісідей қатысуға шақырды. Ашылуда «Физика әлемінде» әнің 6«Ә» сынып оқушысы Азаматқызы Аружан орындаса, информатика жайында әдеби монтажды 6 «» сынып оқушылары тамаша орындап шықты.



Бекітілген жоспар бойынша ашық сабақтарды 17 сәуір күні математика пәні мұғалімі А.Д Шарыкбаева 5 «Ғ» сыныбында «Тікбұрышты параллелепипед» тақырыбында,18 сәуірде 7 «А» сыныбында физика пәнінен Н.А Ешимова «Жай механизмнің алтын ережессі» тақырыбында және19 сәуір күні «Редакторға кірістірілген нысан түрі» тақырыбында 7 «Ә» сыныбында информатика пәні мұғалімі А.Хызыр өткізді. Сабақтарға ұстаздар, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Г.Б Касымжанова қатысып, сабақты талқылай отырып ұсыныстарын айтты. Берілген ашық сабақтар жақсы өтті, ен бастысы оқушылар топпен, жеке жұмыста ,бірлескен жқмыстарда өздерін жақсы көрсете отырып, сабақтарға қызығушылықпен қатысып отырды.


Сонымен қатар 17-19 сәуір аралығында 5-11 сынып оқушыларына сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп , өз тәжірбиелерімен алмасты. 17 сәуір күні математика пәні мұғалімі Батырбек Қайрат 11 сынып оқушылар арасында I,II турдан тұратын математикалық сауаттылыққа байланысты олимпиада өткізді. I тур тест арқылы өткізіліп іріктеу жүргізілді. Іріктеуден өткен оқушылар II турға қатысты. II турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар марапатталды.
17 сәуір күні акт залында математика пәні мұғалімі Б.Т Абдрахманова , физика пәні мұғалімі А.Н Ешимованың дайындауымен 7 сынып оқушылар арасыда «Математикалық марафон» сайысы,
8 сыныптар арасында «Қызықты математика» сайысын математика пәні мұғалімі Ұзаққызы Н , физика пәні мұғалімі К.Ш Касымова, 18 сәуір күні «Жұлдызды сағат» сайысын 6 сынып оқушыларымен информатика пәні мұғалімі А.Хызыр,
19 сәуір күні мектеп кітапханасында математика пәні мұғалімі И.М Ишпанова 10 сыныптармен «МИФ көшбасшысы» интеллектуалды ойын және акт залында математика пәні мұғалімі К.К Канафина , информатика пәні мұғалімі А.Ө Есболова дайындауымен 5 сынып оқушылар арасында «Озық ойлы топ» сайыстары өткізілді. Өткізілген әрбір іс-шаралар талданып,ұсыныстар айтылды.



20 сәуір күні математика пәні мұғалімдері А.Д Шарыкбаева, Г.К Макумова 10 «Б» , 5 «А» оқушыларының көмегімен «МИФ патшалығы» ертегілер желесінде дайындаған акт залында ұстаздарға және 8-11сынып оқушыларына арналған «Ғылымдар патшасы - МИФ әлемінде» атты апталықтың жабылуы өтті. Апталықтың жабылуын 3 «Г» сынып жетекшісі Асия Балтабаева дайындаған «Фигуралар билейді» әнімен ашылды. Сондай-ақ сөзін жазған 5 «В» сынып оқушысы Тасболат Темірлан. «Математика сабағы» әнін Санжар мен Темірлан орындап шықты. Сонымен қатар 5 «в» сынып қыздары Төлеуханова Абира, Ислямова Аяулым, Жолдасова Аяулым және Орынбасарова Аиданың орындауында «Математика» әні, сөзін жазған орындаушылар. «Жан досым» әніне салынған «Физика әлемінде» әнін 7«Б» оқушылары Мадина мен Сабинаны орындады. Қалалық олимпиадалардан, қылыми жобалардан орын алған оқушыларды мақтау қағазымен директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Байбекқызы марапаттады. Логикалық есептерді,сөз жұмбақтарды дұрыс шешкендері үшін және оқушылардың шығармашылығын, пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген көрме қорытындысы бойынша марапаттау физика пәні мұғалімі Калима Шаяхметқызына және осы апталықта ат салып бір кісідей қатысқан сыныптар мен жекеленген оқушыларды марапаттау «Таным» бірлестігінің жетекшісі Гүлжанат Қадырқызына табысталды.Қорыта келгенде сәуір айының 16 мен 20 аралағында 5-11 сынып оқушыларына арналған «Ғылымдар патшасы - МИФ әлемінде» атты математика, информатика және физика пәндері бойынша өткізілген апталық жоғары деңгейде өткізілді деп санаймын.







Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны