Астана қаласы Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Үздік педагог - 2018» байқауының қорытынды кезеңі өтті. Қорытынды кезеңге 8 мұғалім жолдама алса, 9 мұғалім сертификат иеленді. Үздік атанған ұстаздар қомақы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Мектебімізден ағылшын тілі пәні мұғалімі Булебаева Алима Канатовна қатысып, сертификатқа ие болды. Астана қаласының мектептерінің арасынан топ жарып үздік атанған ұстазымызды құттықтаймыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны