Өткен жұма күні Астанадағы «Mega SilkWay» бардық және қызығушылықпен сауда-ойын сауық кешенінің орталық алаңында «Астана -Бәйтерек» монументі, «Мәнгілік Ел» триумфальді арка, «Нұр Әлем» ЭКСПО сферасы және басқа да бірегей объектілердің «өсуін» қызығушылықпен бақыладық.

Астана әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу Орталығы «Ғылымдағы дебют» атты оқушылардың ғылыми -зерттеу жобаларының гала- фестивалін өткізді. Астананың сәулет ғимараттарының макеттерінен басқа мектеп оқушылары өзіндік инсталляцияларды, ерекше техникалық конструкцияларды және механизімдерді ұсынды.
Оқушылар сәулет ғимараттарының макеттерін, робототехникалық конструкцияларын жинап, электр тізбегінің және элементтерінің жұмыс жағдайларын тексерді. Балалардың барлығы – халықаралық, республикалық және қалалық жарыстарының қатысушылары, олардың көбі жүлделі орындарға ие болды және түрлі номинациялар бойынша ең үздік болды.
Гала-фестивальді ұйымдастырушылар оны Астананың 20 жылдығымен ұштастырды. Дарынды жастардың таланттарын ашу және олардың жобаларының алға жылжуы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында тұжырымдалған міндеттермен үйлеседі.
Жас кулибиндерді «Әділет» білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ төрайымы Балсұлу Наурызбаева қошеметтеді. Ол балаларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады және оқушылардың ғылыми жобалары практикалық қолданысты тауып, қоғамға пайдалы болатынына үміт артты.
Профессор, педагогикалық ғылымының докторы Александр Тесленко, жастар арасында әлеуметтік бастаманы зерттеуші, ғылыми жұмыста позитивті ойлау маңыздылығы туралы айттып берді. Болашақ - жаңалығымен және ерекше көзқарасымен өзгеше болғандарда. Ең бастысы, әзірлемелер адамдардың және еліміздің игілігіне қызмет етуі тиіс.
«Қалалық архитектура» жобасына қатысушылар құрылыстардың техникалық және құрылымдық сипаттамасы, олардың астананың қайталанбас көркін қалыптастырудағы маңыздылығын айттып өтті.
Астана қаласының №3 мектеп гимназиясының оқушылары Виталий Калинкин және Николай Волковты біздің өмірімізді жайлы етуге жәрдемдесетін технологиялық жаңалықтар қызықтырады. Олар ақылды үй жобасын жасады. Оның ішінде экранда температура, ылғалдылық өлшемі, қауіпсіздік жүйесінің жұмысы бейнеленген.

Осы гимназияның робототехнигі Илья Куклин робот «Сумоны» бағдарламалаумен әуестенеді және үнемі оның сипаттамасын жақсартуда жұмыс істейді.
Кейбір балалар елді мекендерді абаттандыру және жинауға арналған механизімдер, машиналар әзірлемелерін ұсынды. Астана қ. № 67 мектеп-гимназиясының оқушысы Аружан Арзидунқызы бірегей қар күрейтін машинаны жинап шығарды. Ол үнемді және көпфункциялы. Жиналған қар қыздырғыш арқылы суға айналады, ол резервуарға жиналады. Су, тазартылған және шаруашылық қажеттілікке, жылыжайды суаруға лайық. Аружан әзірлемесі коммуналдық қызметкерлергі пайдалы екеніне сенеді.

Жамбыл Жабаев ат. №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Айғаным Кауыпбаеваның жобасы экологиялық тұрғыдан қызықты. Жоба авторының ойы бойынша күл және газды өндірістің қажеттілігіне пайдалануға болады. Олардан пластик, тор, цемент және басқа да құрылыс материалдарын шығаруға қолданылатын қышқылдарды алуға болады. Айғаным қоқыстан энергия алуға болады деп сенеді. Айғанымның идеясы белгілі «шығындарды – кіріске айналдыру» үндеуіне сәйкес келеді.

Айғаным оқитын мектепте Нуртөре Жолдасбеков өз әзірлемесіне көп еңбегін сінірген. Ол тау пейзажының көшірмесін ұсынды.

Макет пенопластан жасалған, бірақ табиғи тастан жасалғандай. Жобасындағы ең бастысы - генератор. Ол қар өндіреді. Осы генератордың жұмыс тәртібін меңгерген адам күннің қаранғы мезгілінде де тау ішінде еркін бейімделіп, жүре алады. Астана қ. №66 мектеп-лицейінің жас жобалаушылары Багила Орынбекова және Назерке Кайратқызы мектептің шатырында жылыжай-термостты құрастырған.

Олардың пікірі бойынша, поликарбонаттан жасалған құрылыс арнайы жылытуды қажет етпейді, себебі бұл материалдың жылылықты сақтайтын қасиеті бар.
Астрономиямен шұғылданатын Астана қ. №79 мектеп-лицейінің оқушысы Даниял Мунайтбасовтың арманы ғарышпен байланыс орнату.

Жасөспірім спутниктің жобасын жасаған. Келесі жылы оны тестілеуге арналған монтаждау-сынау кешеніне сұраныс беруді жоспарлап отыр. Ол барлығы сәтті өтіп, ғарышкерлер оның спутнигін кемеге алып, ашық ғарышқа жібереді деп үміттенеді. Сауда- ойын сауық орталығында ұйымдастырылған фестиваль қала тұрғындары және қала қонақтарына ғылыми шығармашылыққа қатысуға мүмкіндік берді.
Астана мектептерінің оқушылары флешмобтар, шебер-сыныптар және интерактивті тұсаукесерлер өткізді. Жас әнші Анель Уразбаева көрермендірді өз әнімен шаттандырды.
Оқушыларға өз ғылыми идеяларын іске асыруға педагогтар, ата-аналар және сыныптастары жәрдемдеседі. Осындай іс-шаралар жас өнертапқыштарға тәжірибе жинауға, құрдастарымен қатынасуға мүмкіндік береді, жобаларын немесе өнертабыстарын көрнекі және айқын, түсінікті етіп таныстыруға үйретеді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны