Нұркен Әбдіров 11 мая в 18:02 · Бүгін кешеніміздің Жасқырандық көшбасшылары арасынан "Кітапсүйер" балаларымыз ауа-райының жаңбырлы күніне қарамастан қаламыздың солтүстік жағалауында орналасқан Республикалық Ұлттық кітапханаға саяхат жасап қайтты.
Бүгін кешеніміздің Жасқырандық көшбасшылары арасынан "Кітапсүйер" балаларымыз ауа-райының жаңбырлы күніне қарамастан қаламыздың солтүстік жағалауында орналасқан Республикалық Ұлттық кітапханаға саяхат жасап қайтты. Үлкен кітапхананы ондағы мамандардың көмегімен аралап, танысып, ең қызықты кітаптардың шығу тарихымен танысты. Балаларға кітапханадағы ең көне құран кітаптар, латын әріпімен жазылған кітаптар бұрышы, Астана қаласының 20 жылдығына арналған кинозал, ХҮІІ ғасырдағы адам терісінен дайындалған кітаптардың тарихы және алтын жалатылған кітаптар, ең кішкентай көлемдегі көне құран кітаптар көзімен көрумен қатар олардың тарихы, балалар кітапханасы бөлімдері қатты ұнады. Кітапхана мамандарының дайындауымен "Әдептілік-әдемілік" тақырыбындағы сабағы жақсы әсер қалдыра білді. Сонымен қатар әр аптаның сенбі күні сағат 14,00 ден бастап ағылшын тілі, араб тілі, қуыршақтар театры, шахмат, т.б үйірмелер тегін жүргізіліп отыратынын естіген балалар қатты қуанып, енді Ұлттық кітапханаға үздіксіз келіп тұратындарын айтып жеткізді. Балалар алған қуанышты әсерлер мен таңқалыс белгілерін олардың жүзінен байқау - ол өте әсерлі сәт екені белгілі. Тек балалар қуансын!








Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии