4 мамыр күні гимназияда Жеңіс күніне, Отан қорғаушылар күніне, Астананың 20 жылдығына орай сапқа тұру мен ән айту байқауы өтті. Іс-шара басында әскери жылдардың өлеңдері, соғыс туралы бард өлеңдері тыңдалды.
Жүргізуші іс-шара басында тамаша өлең жолдарымен бастады.
Бір минут үнсіздік пен гимназия директорының құттықтау сөзінен кейін, балалар өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шараны әділ-қазылар бағалады: директордың ТІ жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, дене шынықтыру мұғалімдері. Сынып рапортын АӘД мұғалімі қабылдады.
Өнерді бесбаллдық жүйе бойынша бағалады, бағалау критерийлері:
- Сыртқы түрі (эмблема, бас киімдер, бірыңғай форма)
- Сапқа тұру
- Командирдің рапортты тапсыруы
- Әнді орындауы
- Сапты ұстай білуі
Іс-шараға барлығы 16 сынып қатысты. Барлық сыныптар марапатталды, ал І орынға ие болған сыныптарды гимназия директоры тәтті сыйлықпен марапаттады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны