Астана қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл» АІІБ ЖПҚ ЮПБ инспекторы полиция лейтенанты Бидахмет Ж.Т. жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша іс шара өткізді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін сақтай отырып, жол қозғалысы жарақаттануының алдын алу. Іс шара балаларға жадынама таратылып, дәріс түрінде өткізілді. Инспектор дәріс барысында жолда жүру ережелерінің таңбалары арқылы түсіндіріп, оқушыларға жағдаяттық сауалдар бойынша жол ережесін білу деңгейін анықтады. Сонымен қатар әр топқа берілген жол таңбаларымен постер қорғап, пікір алмасты. Жол ережесіне байланысты жұмбақтардың шешімін тауып, «Жолың болсын, жолаушы!» тақырыбына жұптасып өлең шығарып, шығармашылықпен байланыстырылды. Дәріс нәтижесінде оқушылар жолда жүру ережелерін сақтау маңыздылығын түсіне білуді қаншалықты қажеттілігін түсінді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны