Мектебімізде Астана қаласының 20 жылдығына және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай «Сапта жүру және ән айту» байқауы өтті. Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулитын бұл шараның маңызы өте зор. Байқау нәтижесінде 4-6 сыныптар арасында І орынды 5 «Ә» сыныбы жеңіп алды. 6 «Б» сынып оқушысы Тұяқбай Дамир «Үздік командир» атағына лайық деп танылды. 7-10 сыныптар арасында өткен тартысты бәсекеде 10 «А» сыныбы Бас жүлдені иеленді. 8 «В» сынып оқушысы Қойлыбаева Аяулым «Үздік командир» атағына ие болды.