10 мамыр күні №65 мектеп - гимназиясында "Жолдағы қауіпсіздік" атты Республикалық акция болып өтті. Акция барысында мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ш. Шамуратова, Н.К. Есімжанова, инспектор А.С.Қалибекова оқушыларымызға жолда жүру ережесін түсіндіріп өтті. Шараға 2-4 сынып оқушылары, барлығы 180 бала атсалысты. Оқушыларымыз өздерінің қаншалықты "Жолда жүру" ережесін білетіндіктерін асфальтқа сурет салу арқылы көрсетті.