Оқушылардың суға шомылу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу шараларын жүзеге асыруын қамтамасыз ету туралы
Таяуда 1-11 сынып жетекшілері оқушылардың «суға шомылу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу шараларын жүзеге асыруын қамтамасыз ету» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға жаппай суға шомылу кезіндегі арнайы белгіленген жерлер, жалпы ереже, сақтық шаралары, жағажайға барған кезде судан құтқару станциясының қызметкерлерімен тығыз байланыста болуын ескертіп өтті. 1-5 сынып оқушылары «ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметі» ММ-нің «Су және Сен туралы» кітапшасындағы танымдық әрі қызықты әңгімелерімен сабақ барысында оқып білді. Орта буын оқушыларына «Суда өзін ұстау ережесі» тақырыбында парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии