Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі қарсанында 4 бөлімінен тұратын «Жігіт сұлтаны» сайысы 8-10 сыныптар арасында жоғары деңгейде өтті.
«Сегіз қырлы, бір сырлы», «Күш батылдыққа ереді» шарттары да өз мақсатына жетті. Оқушылардың ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салу әділ қазылар алқасына оңай болған жоқ. Оқушылар мың құбылтып ән салды, күмбірлете күй тартты. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей кір тасын да көтеріп көрермендердің көз айымына айналды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - 9 «Б» сыныбы, жетекшісі Смагулова А.С
І орын – 9 «В» сыныбы, жетекшісі Ильясова Л.Б.
ІІ орын – 10 «А» сыныбы,жетекшісі Қарақұлова М.М
ІІ орын – 8 «Е» сыныбы,жетекшісі Шыңғысбаева Ш.
ІІІ орын – 9 «А» сыныбы,жетекшісі Бакенова А.Б
ІІІ орын – 8 «Ә» сыныбы, жетекшісі Смагулова Н.Б
ІІІ орын – 10 «В» сыныбы, жетекшісі Хамзина Ж.Е
Мектебіміздің «Сері» жігіттері бүгінгі білім мен ғылым заманында үлкен белестерден көріне беріңдер!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны