Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Майдан әндерінің елесі» ән сахналау байқауы

Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде 05.05.2018 ж. күні Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған «Майдан әндерінің елесі» атты ән сахналау байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеп, ата-бабаларымыздың ерліктерін мәңгі мақтаныш тұтуға, оны кейінгі ұрпақтарға дәріптеуге үйрету мақсатын көздей отырып өткізілді. Оқушылар майдан әндерінің танымал түрлерін де, кейінгі замануи түрлерін де орындап қана қоймай, әннің тақырыбын ашып, мазмұнын таныта білді. Байқаудың шарттары бойынша сыныптар әннің мағынасын ашып, актерлік шеберлік танытып, әнді нақышына келтіре орындап, оқиға желісіне лайықты киім үлгілерін де көрсете білу керек болатын. Осы байқауды бағалау ісі мектептің хореографы Жакеева А.Ж, мектептің кадр бөлімі меңгерушісі Сыздыкова Б.А. және директордың орынбасарлары Ахметов М.Е, Усербаева А.С. бұйырды. Нәтижесінде «Ең патриот топ» номинациясымен 9 «Б» сыныбы, «Тамаша койылым» номинациясымен 8 «А» сыныбы, ІІІ орынды 8 «Б», 8 «М», 8 «В» сыныптары иеленді. ІІ орын 9 «Ә», 9 «Г», 8 «Г» сыныптарына бұйырды. І орын 8 «К» сыныбына берілді. Ал БАС ЖҮЛДЕ 9 «М» сыныбының өнеріне лайықты деп танылды.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны