Меню KDT

Новости

Главная Новости

кешенімізде серіктес №33, №38, №52, №24 мектептер араларында тәжірибемен алмасу және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім мазмұнын бастауыш сыныпта енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

                   2018 жылдың 13 сәуір күні кешенімізде серіктес №33, №38, №52, №24 мектептер араларында тәжірибемен алмасу және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында «Жаңартылған білім мазмұнын бастауыш сыныпта енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Айдосова Толқын Қайырбекқызы мен №38 мектеп – серіктес мектептер арасындағы жетекші мектеп маманы Туитина Замзагуль Колкеновна бастаған бір топ ұстаздар қауымы атсалысып қатысты. Келген қонақтарымызды тіркеуге алып болған соң, «Ұстаз еңбегі өлшеусіз,,,» атты әдістемелік жинақ кітапшалар көрмесі мен «Астана сәулеті» Астана қаласының 20 жылдығына арналған көрмені тамашалау жүргізілді. Кешен тынысымен танысып болған соң, «Мәңгілік ел идеясын мектепте қалай жүзеге асыруға болады» атты кешен тренерлері Серікбаева С.К мен Кощанова Г.Н шеберлік сынып сағатын өткізді. Семинар жалғасын серіктес мектептерден келген ұстаздарымыздың десанттық сабақтарына қатысу өз деңгейінде орын алып отырды. Семинар қорытындысы барысында Мендибаева Ф.С жүргізуімен «Ашық микрофон» кері байланыс жасау сәтінде десанттық сабақтар жүргізілу барысында орын алған өзгешеліктер мен кемшіліктер жайында, жалпы семинар барысында жеткен жетістіктер мен ойға түйген пікірлер ортаға салынды. Десанттық сабақтарын өткізген серіктес мектептерден келген ұстаздар кешенімізден тәрбие мен білім алып отырған оқушыларымыздың сабаққа деген ынтасы мен белсенділіктері үшін алғысын айтып жатса, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Айдосова Толқын Қайырбекқызы өз қолымен семинар барысында белсенділікпен өз еңбектерін жария ете білген ұстаздарымызды марапаттап, сертификаттар табыстады.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны