№33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз өтті
Наурыз бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелгі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір- біріне деген өкпе – реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан. Көрісіп, төс қағысып қауышқан халық отыз күн ойыны мен қырық күн тойын өткізген.
№33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жалғасын табуда. Жалпы Наурыз тойы биыл елімізде Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығын атап өту мақсатында сәуір айының 21 жұлдызына дейін жалғасып отыр.
Сенбі күні жиналған кешен ұжымы, оқушылары және ата-аналары мен аймақ тұрғындарына және қонақтарына көже, палау және бауырсақ таратылды. Кешен ауласына Алматы аудандық әкімшілігінің қолдауымен ұлттық нақышта екі киіз үй орнатылды. Бірі Астана қаласының 20 жылдығына орай безендірілсе, бір киіз үй ұлттық нақыштағы құнды дүниелеріміз және ұлттық тағамдарымыз қойылған ақ дастарханымыздың көркімен безендірілді. Наурыз тойында ән мен жырдан шашу шашылып, ата-аналарымыз ұлттық салт-дәстүрімізден үзінділер көрсетіп, ұлттық ойындар ойналып, балабақша тәрбиеленушілерінің әжелерінен құралған "Әжелер сайысы" өтті.
Сонымен қатар жәрмеңке ұйымдастырылып, қорға жиналған ақша мұқтаж жандарға тапсырылуға берілді.
Тойымызға қонақ ретінде келіп, өз өнерлерін халыққа жолдаған "Астана" тобына алғысымыз шексіз.
Той соңында белсенділікпен атсалысқан қонақтарымыз бен ата-аналарымызды және ұлттық ойындар бойынша жеңімпаз болған көрермендерге алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.









Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии