"Біз болашақ сарбазбыз" атты сапта жүріп ән салу сайысы
5 мамыр күні Жасұландықтар 7 мамыр күніне орай "Біз болашақ сарбазбыз" атты сапта жүріп ән салу сайысын өткізді. Сайыс екі ауысым бойынша екі бөлімде өтті. Қатысқандар 4-5сынып және 6-7сынып оқушылары. Алдын ала жеребе бойынша әр сыныпқа берілген десант,танкист, шекара күзетшісі, моряк т.б секілді атаулары бойынша киім үлгісін де жақсы дайындап келген. Жасұландықтар әр сыныпқа жетекшілік етіп дайындай білді. Бұйрық беруші және қабылдаушы мектеп туын ұстаушы әрі АӘД пәні бойынша белсендісі 10сынып оқушысы Тайганов Сагындық. Қазылық еткен АӘД пәні мұғалімі 1) Хасенов Темірбек, мектеп басшысы 2) Казмуxанбетова Жанат Талғатқызы 3) еңбек пәні мұғалімі Токенов Жомарт әділ шешім қабылдап ереже бойынша барлық шарттарды атап өтті.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии