«Жеңіс жол -Ұлы жол»

2018ж. 5 мамыр күні №15 мектеп-лицейінде Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Жеңіс жол -Ұлы жол» атты ардагерлерге арналған кездесу кеші өтті.
Осы іс-шараға соғыс ардагерлері, тылда жұмыс істеген ардагерлер және ауған соғыс ардагерлері қонақ болды. Қонақта: Галюк Евгений Николаевич, Байманов Кайрбек Саржанович, Гладкова Неля Понтелеймоновна, Турашев Орынбасар -тыл еңбеккерлері, Кусайынова Уляж Айтмаганбетовна –Сарыарқа ауданы, Ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, Сартаева Бахытжан Жұмабековна-алғашқы ардагерлер ұйымының төрайымыСарыарқа -7 болды.
Мектебіміздің жиын залында өткен іс-шараны мектеп директоры Бауыржан Қапарұлы құттықтау сөзімен ашты.
Бірінші бөлімде оқушылар дайындаған шағын концерт болды.Жиылғандар Отан үшін жанын пида еткен жауынгерлер мен еңбек ардагерлерін еске алды. Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильмдер, слайдтар көрсетіліп, патриоттық сарындағы әндер шырқалды. Әнші бүлдіршіндеріміз «Батырлар», «Аист на крыше», «Жеңіс жолында», «Жеңіс» әндерін шырқады.
Екінші бөлімінде тыл және ардагерлер мен мектебіміздің ер мұғалімдеріне де мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Кездесуге келген ардагерлер өздерінің жылы лебіздерін және бастан кешкен оқиғаларды оқушыларға жеткізе білді.

Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Жолшибекова Ұлжан Мейрбекқызы «Баллада о матери» әнін көрермендердің жүректеріне жеткізе білді. Оқушылар соғыс туралы тақпақтарын айтты. 7 сынып оқушылары Нефталиев Рита Мусаевнаның басшылығымен «Синий платочек» әніне биледі.



9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Жеңіс жол -Ұлы жол» атты кездесу кешінде, Жеңіс туын желбіреткен жандардың әңгімесін тыңдаған оқушыларымыз көзеріне жас алып, өздеріне үлкен әсер қалдырды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии