Меню KDT

Новости

Главная Новости

Әсер мен ғибратқа толы кездесу

         Бүгін №68 орта мектеп үшін тарихи күн болды. Себебі, «Тұғыры биік тұлға» атты кеште қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ұстаздар қауымы мен оқушылармен кездесті.   

       Алғашқы сөз кезегін алған директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы қазақ білімінің қарашаңырағына келіп отырған ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен кездесу әрбір баланың арманы екендігін, оқушылармен кездесуге уақыт бөлгені үшін алғысын білдірді.

        Мектеп  оқушылары Тоқтар Оңғарбайұлы   туралы өте көп білетін болып шықты. Тоқтар Оңғарбайұлының   өткен өміріне шегініс жасап, балалық шағы туралы айта бастаған сәтте жүзінен жылылық төгіліп, жымия күліп, ризашы­лығын білдіріп отырды.  Сөз кезегі өзіне тигенде Тоқтар Оңғарбайұлы  барлық арман, қиялдың орында­латынын, оған тек еңбекпен жетуге болатынын әңгімелей келе, оқушыларға ең алдымен жат әдеттерден аулақ болып, ұлт намысын биік ұстап қастерлеуге, көп оқуға, спортпен шұғылдануға, адал болуға, ата-ананы қастерлеп, Отанды сүюге шақырды.

       Жүректері алып ұшқан арманшыл балалардың көкейле­ріндегі аспан кеңістігі туралы тосын сауалдары қойылып, көкіректерінде жүрген әрбір сауал­ға барынша орынды, жан-жақты   толық жауап алды. Ғарышкеріміз өте салмақты, сан қырлы сауалдар қойылғандығын айта келе, өз ризашылығын үздік сауал қойған 10 «А» сынып оқушысы Асқаров Олжасқа қолтаңбасы қойылған кітапты сыйға тарту етті. Бала­лардың арасында болашақ инже­нерлер, ғалымдар, ұшқыштар, Тәуелсіз еліміздің болашақ ғарышкерлері  шық­пасына кім кепіл екендігін айтты. Болашақ ға­рышкер болғысы келетін бала­ларға да өз ақыл-кеңесін айтып, ең алдымен сабақты жақсы оқу қажет екендігін қайталап айтты. Естен кетпес­тей кездесуден алған әсер ұшан-теңіз. Оқушы­лар арман болған ғарышкерді көргендері жайлы ата-ана­ларына, достарына, жалпы әлеуметтік желіні пайдалану­шыларға жеткізгенше асықты.

        Тоқтар Оңғарбайұлы өз сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның болашағы сіздерге үлкен жүк артады, білімсіз халық жоғарыға көтеріле алмайды да, көтерілмейді.  Бір-бірлеріңді қадірлеп, үйде ананы, сыртта ұстазды құрметтеу керек.  Еліміздің келешегі  білімді, намысты, елжанды өскелең жастардың қолында екенін айтып, ұстаздардың зор еңбектеріне бата-тілегін  білдірді.  

      Кеш соңында мектебіміздің ардагер-ұстазы Жакенбай Шарипхан Қажытайұлы мектеп ұжымы мен ата-аналар, оқушылар атынан алғыс біл­дірді.  Т.Әубәкіровке 9 "Ә" сынып оқушысы Ұзақбаева Шапағат өлең арнады. Назарларыңызға сол өлеңді ұсынамыз. 

       
                 Алғашқы қазақ алыбым

                      ( Тоқтар атама)

Ғарышты білдім ғасырдың жүгін арқалап,

Жаһанмен бірге қызықты маған жарты алап

Аспан мен жерді жалғаған әуе жолынан

Жаңылмау үшін алдында үлкен бір талап

Байқоңырым бар ғарыштың болған айлағы

Азаттығым бар байтақтығымның айғағы

Алыс айға да аттанып жатқан ұлы едің

Бабы мен қоса бүгінгі күнге сай бағы

 

Тұлғасы биік намыс пен ардан жасалған

Батырлар елдің байрағы болды қашаннан

Тоқтарлар сынды текті ұлдардың ісімен

Қазақтың елі «Мәңгілік ел» боп атанған

 

Рухы биік тектіден қалған ұрпақтың

Осындай елге қарсылас болып тұрмақ кім

Алыптың болған, асылдың болған сынығы

Тоқтарға арнап азды-кем өлең құрмақпын

 

Өргенім-өлең, тергенім өлең сен десе,

Жазғаным жалын, қазғаным-қалың сен десе

Тарихым толып, тағдырым жарық болар ма?

«Алғашқы қазақ» ғарышқа барып келмесе

 

Сақталып қалған сақтардың сарбаз сарыны

Күлтегін сынды Алаштың болған алыбы

Қазақтың тұңғыш ғарышкер ұлы Тоқтарды

Жер беті түгіл Айдың да беті таныды!



 

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны