2018 жылдың 3 сәуірінде Астана қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінде, Есіл ауданы мектептері арасында Жас құтқарушыларжасақтары арасында байқауы өткізілді. Бұл байқауға мектебіміздің 8- 10 сынып оқушылары қатысты. Жарыста өткізілген сайыстар:
Жас құтқарушылар жасақтары командасының аты – «Арлан», команда капитаны - Акмолдоев Аяз,ал команда мүшелері Дүйсехан Саят; Сұлтан Аружан;Бейсов Барлық;Алиханов Нұрасыл; Сапарғали Назгул; Тогузбаева Арайлым; Исабек Нурила; Алтаева Мадина;
Жас құтқарушылар жасақтары арасында аудандық жарыста ІІ орынға ие болып, қалалық жарысқа жолдама алды. Байқауда берілген сайыстар бойынша оқушыларымыз жауынгерлік өрістету – сайысында І орын; музыкалық өнер бойынша – ІІІ орын; эстафеталық ойындар сайысында – ІІІ орын; штурумдық сатымен 2 қабатқа көтерілуден – ІІ орынға ие болды. Байқау соңында Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі – Е.А.Байыров жарыстық сайыстар бойынша дипломдармен және де, ІІ орын иеленгені үшін мадақтамамен марапатталды.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны