«№ 21 орта мектеп» ММ – де ӘБ жоспарына сәйкес 03.04.17 жыл – 14.04.17 жыл аралығында бастауыш сыныптардың он күндігі өтті.
03.04.17 жылы І және ІІ ауысымда он күндіктің ашылуы болды, жауаптылар: 2 «А» сынып жетекшісі Ш.Н. Кончекова және 3 «А» сынып жетекшісі Г.А.Бекмаганбетова.
Салтанатты жиналыс бастауыш мектеп оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі Г.О.Жумагулованың құттықтау сөзімен басталды. 2 «А», 3 «А» сынып оқушылары мектеп өмірі, оқу жайлы өлеңдер айтып, тақпақ оқыды.
Бастауыш сыныптардың он күндігінің ашылуына арналған салтанатты жиналыс сыныптан тыс іс –шараларда, ашық сабақтарда оқушылардың белсенді қатысуы үшін алдын – ала бейімдеу болды. Салтанатты жиналыс сергектік қуаты мен тамаша көңіл – күй сыйлады.
05.04.17 жыл.
1 «А» сынып жетекшісі З.Ш.Канапина «Миыңмен ойла» тақырыбында сыныптан тыс іс –шара өткізді. Іс –шара мазмұны негізгі мақсатына және де ғылымилық, қолжетімділік және жүйелілік қағидасына сәйкес. Ойын- сайыс математика, сауат ашу, дүние тану, жаратылыстану, логика, ән – күй сабақтарын қамтыған. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, оңайдан қиынға қарай, өтіп кеткен тақырыптар бойынша білім бекіту мақсатында сұрақтар құрылған. Зеректікті , тапқырлықты қажет ететін, ойландыратын сұрақтар да болды. Іс –шараның қорытындысы бойынша әділ қазы алқасы қорытындысын шығара отырып әр топты мақтау қағазымен марапаттады.
06.04.17 жыл
2 «В» сынып жетекшісі Д.Ж.Нурумова әдебиеттік оқу пәні бойынша В.Бианки «Тышқан Пик» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқушыларды В.В. Бианки шығармашылығымен таныстыра түсіп, «Тышқан Пик» тақырыбы бойынша білімдерін бекітті. Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруде оқушылардың логикалық ойлау дағдылары, есте сақтау қабілеттері, дұрыс сөйлеуі, мәтіннен белгілі бөлікті тауып оқи алуларын дамыта алды. Оқуға деген ынталарын дамытып, жануарларды қорғап, оларды сақтай білуге тәрбиеледі.
07.04.17 жыл
2 «А»сынып жетекшісі Ш.Н.Кончекова «Бөлу амалының қасиеттері. Бөлу амалының компоненттерінің және нәтижесінің атауы» тақырыбында математика пәні бойынша ашық өткізді. Танымдық – оқу әрекетіне барлық оқушыларды жұмылдыру үшін, алдына қойған мақсаттарына жету үшін сабақ өту барысын ұтымды құра білген. Сабақ басында өлең арқылы ахуалдық – психологиялық жағдай туғызды. Ғарыш тақырыбында мемлекеттік мейраммен, ғарыш тарихымен таныстыру мақсатында слайд көрсету арқылы ақпараттық – танымдық жұмыс болды. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау мақсатында математикалық диктант, ауызша есептеулер орындалды. Сабақтың барлық кезеңі «Есте сақта!», «Шешіп көр!», «Шығар!», «Бекітейік!» бекеттері бойынша өтті.
1 «Г» сынып жетекшісі Э.Т.Рахметова сауат ашу пәні бойынша «Дыбыс сипаттамасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жұмылдыру кезеңінен, сөйлеу жаттығуынан басталды. Мұғалім сабақ басында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудыра білді. Білім алу барысында ішкі нұсқаулықты және өздігінен білім алуды құрды. Жартылай іздену әдісі бойынша өткен тақырып қайталанды. Оның негізін сөйлеу әрекеті (дыбыс, әріп туралы түсініктерді қабылдауы, әріптер құрылымы ) құрды.
10.04.17 жыл
1 «Д» сынып жетекшісі Ж.А.Жусанбаева «Африкаға саяхат» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді. Іс – шара «Ыа» және «Уа» топтарын таныстырудан басталды. Оқушылар топтарға «Мадагаскар» конфетінің орамындағы мультфильм кейіпкерлерінің суреттеріне сай бөлінді. Оқушылар саяхатқа шығу үшін арналған киімдер киген. «Банан жина», «Африкадағы жануарлар», «Әдебиеттік», «Қиынды жина», «Әндік», «Буындық» аралдары бойынша өтті. Оқушылар өздерінің зияткерлік қабілеттерін, жетістіктерін сезе білді. Әр оқушының жеке жұмыс істеуі, топпен жұмыс істей алуы олардың әрқайсысына білім деңгейлерін анықтауға және біліммен алмасуға мүмкіндік берді. Танымдық дағдыларын дамытуда бір – бірімен достық қарым – қатынаста болулары, бір – біріңе жәрдемдесуі көмектесті. «Чунга - чанга» әнін орындай отырып іс –шараны аяқтады.
4 «А» сынып жетекшісі А.К.Беседина орыс тілі пәні бойынша «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ақпараттық – педагогикалық коммуникативтік технологияларын ақпараттық өзара әрекеттестік қағида негізінде қолдана отырып өткізген сабағында іс – әрекеттің тез ауысып отыруына байланысты оқушылар тарапынан тез шаршау болған жоқ, керісінше есте сақтау, ойлану, сөйлеу және қиялдау дағдыларының артуына оң әсер етті.
4 «В» сынып жетекшісі В.А. Зеленая математика пәні бойынша «Бекіту» ашық сабағын өткізді. Сабақ әрекеттік әдісі бойынша өтті. Оқушылардың ынтасын сабақ басында назар аудартудан бастады. Тапсырманы бірге орындауы, қайталауы , дұрыс жазудың талап етілуі , ереже қайталаулары оқушылардың өзекті мәселелеріне айналған.
Көп таңбалы сандарды бөлу және көбейту алгоритмі бойынша жұмыс кеңесшінің қатысуымен өтті. Орындалған барлық тапсырмалар сабақ құрылымына сәйкес.
11.04.17 жыл
1- сыныптардың сынып жетекшілері Ж.А.Жусанбаева мен З.Ш.Канапина «Әліпбиде қонақта» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Жанна Аскарбековна оқушыларды оқуға, білім алуға тәрбиелей отырып, олардың «Әліпби» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеп, оқу, жазу дағдыларын, сөйлеу әрекетін дамыту, логикалық ойлауды арттыру бойынша сабақ өткізді.
Зарина Шарипуллаевна жаппай жұмыс түрін, топтық, екеуара , тақтамен жұмыс орындатты. Оқушылардың өздік жұмыс істеу сәтінде, оқуда ынтымақтастық тудыру үшін екеуара жұмыс істеу ұтымды құрылған. Олар өздері берілген тапсырмаға жауап іздеп, оны талдап, дұрыс жауапты анықтап, топтан кім жауап беретінін де келісу арқылы шешіп отырды.
2 «Г» сынып жетекшісі Г.А.Бекмаганбетова дүниетану сабағы бойынша «Жануарлар қалай қоректенеді» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өткен сабақты қорыту мақсатында және оқушылардың білімдерін жүйелеу үшін үй тапсырмасы тексеру барысында әр топ өздерінің «Жануарлар» тақырыбында зияткерлік – картасын қорғады. «Берілген суреттеме бойынша тап!» дидактикалық ойыны арқылы күрделі сұрақтан шыға алуларын көздеді. Пікірталас картасы барлық өсімдіктерде осындай мүшелер бар ма деген сұрақ төңірегінде болды. Пікірталас барысында оқушылар оқулыққа жүгіну қажеттігін түсінді. Оқушы – оқушы байланысын, оқушылардың жағымды қарым – қатынасын сабақ барысында айқын көруге болады. Бұның бәрі де оқушылардың жаңа сабақты қабылдауында жағымды қарым – қатынас туғызу мақсатында болды.
12.04.17 жыл
1 «В» сынып жетекшісі Г.З. Мельник «Біз болашақ ғарышкерміз» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді. Іс – шара Ғарыш әлеміне қызығушылықтарын арттыру мақсатында құрылған . Гульсина Закировна оқушылардың Қазақстан тарихын құрметтеулерін, өз Отанына деген мақтанышын тәрбиеледі. Ғарыш және ғарышкерлер туралы оқушылардың білімдерін жүйеледі. Оларды Жердің Жасанды спутниктерімен, оларды заманауи адам ретінде өмірдегі рөлімен таныстырды. Шығармашылық жұмыс барысында: оқу-анализдеу- салыстыру- қорытындылау- құрастыру- тұсаукесер жобалады. Тәртіп сақтай отырып оқушылар белсенді, топпен жұмыс істей алды.
2 «Б» сынып жетекшісі В.А.Зеленая және 3 «Б» сынып жетекшісі Э.Т.Рахметовалар «Ғарышкерлер күніне » арналған салтанатты жиын өткізді. Оқушылар ғарыштың шығу тарихымен, дамуымен танысты, оқушылар бойында ғарышқа деген мақтаныш және сезім туындады, жан- жақты ойлау дағдылары кеңейе түсті, танымдық белсенділік артты. Салтанатты жиын Левитанның жанды грамжазуын тыңдаумен басталды. Оқушылар дайындаған өлеңдерін оқыды, бірінші ғарышкер Ю.А.Гагарин туралы, қазақстандық ғарышкерлер Т.Аубакиров, Т.Мусабаев, А.Аимбетовтер туралы шағын ақпарат берілді және осы тақырыпта жұмбақтар шешілді.
1 «Б» сынып жетекшісі А.К.Беседина «Әдептілік пен мейірімділік мерекесі» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді. Іс – шара саяхат ретінде мейірімділік пен әдептілік бағыттары бойынша өтті. «Мейірімді күлкі», «Ертегі кейіпкерлері», «Зерек балалар», «Дымбілместе қонақта», «Сиқырлы сөздер», «Мейірімді пері», «Қиялшылдар» бекеттерінде аялдамалар болды. Іс –шараның кіріспе бөлімінде мұғалім ең негізгі адамдық қасиеттер туралы айтып кетті. Іс – шара барысында оқушылар Әдептілік пен мейірімділік сөздерінің лексикалық мағынасын аша алды. Іс – шара оқушылардың сөйлеуін, ойлауын, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.
13.04.17 жыл
3 «Б»сынып жетекшісі Г.З.Мельник денешынықтыру сабағы бойынша «Секіртпе арқылы секіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Барлық оқушылар дене шынықтыру сабағына арналған спорттық форма киімін киген және де әр оқушыда спорттық құрал бар. Сабақ сапқа тұрудан басталды. Сабақтың мақсаты мен міндеттері хабарланды. Сабақ барысында оқушылар мадақталып, бағаланып отырылды. Күш – жігер жинап қатысты.
4 «Д» сынып жетекшісі А.С.Ибрашева «Адамгершіл болыңдаршы!» тақырыбында сыныптан тыс іс – шара өткізді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай, олардың топпен, екеуара жұмыс істей алуларын дамыта түсу, әр оқушының берілген тақырып бойынша ойларын ести білу мақсатында құрылған. Іс – шара өткізу түрі оқушылардың ойларын ашық айта білулерін, жолдастарына түсінушілікпен қарау, т.б. адамгершіліктік қасиеттерін дамыту негізінде құрылған.
4 «Б» сынып жетекшісі А.М.Салкимбаева математика пәні бойынша «Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Азайтудың тиімді жолы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқушылардың теңдеу шеше алуларын, есептерді шығара алуларын, берілген мысалдарды дұрыс, тез орындауларын көрсетті. Сонымен қатар сабақ барысында есте сақтау қабілетерін, шығармашылықтарын, логикалық, бейнелі ойлауларын дамыту үшін тапсырмалар қолдана алды. Қоршаған ортаны қорғап, сақтай білуге тәрбиеледі.
14.04.17 жыл
2 «В» сынып жетекшісі Д.Ж.Нурумова және 4 «Б» сынып жетекшісі А.М.Салкимбаевалар бастауыш мектеп ӘБ он күндігінің жабылуына арналған салтанатты жиын өткізді. Он күндіктің қорытындысы өткізілді. Салтанатты жиын оқушыларды сапқа тұрғызудан басталды. Бастаушылар іс – шараның басталуын хабарлады, өткен он күндік туралы оқушылар тақпақ оқыды, ОТІ меңгерушісі Г.О.Жумагулова құттықтау сөз сөйледі. Он күндік қорытындысы бойынша әр сынып оқушылары мен сыныптар іс – шараларға, ашық сабақтаға белсене қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
ӘБ жетекшісі: А.М. Салкимбаева
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны