Мектебіміздің «Сарыарқа» би ансамбілі тағы бір жеңіске жетті. Алматы қаласында өткізілген Х Халықаралық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және өнер байқауының «Би» номинациясы бойынша «Бас жүлде» иегері атанды. Жетекшісі Айжан Жақсылыққызы мен ата-аналарда бірге барып, қолдау көрсетіп, кезекті конкурста ұйымшылдықтың арқасында жеңіске жеткен жұлдыздарымызды мектеп ұжымы атынан құттықтаймыз! Әрдайым мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы байланыс нығая берсін. Дарынды бала көп, сол дарындылықты ашатын ұстаздарымыз жасай берсін. Ал, ата-аналар колдау көрсетсе талай жұлдыздарда, білімді ұл-қыздарда көп болғай! Айжан Жақсылыққызына тек шығармашылық табыс тілейміз. Алға, 64 мектеп-лицей!


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны