Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Шаттық – 2018» XII қалалық байқауы

2018 жылдың  9 сәуір мен  20 сәуір аралығында  Астана қаласында «Болашақ бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған  және Астананың 20-жылдық мерейтойына  арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы  «Шаттық – 2018»  XII қалалық байқауы өтті. Қазіргі және жаңа заман өнерінің барлық үлгілерін біріктіретін Дельфий ойындарының талаптарына сай ұйымдастырылған байқауға мектебімізден  аспапты соло, аспапты ансамбль, хор, ерекше жанр, эстрадалық ән, халық биі, хореографиялық заманауи көше биі, театр, бейнелеу және сурет сынды өнер түрлерінен  7 жанр бойынша  қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, медаль еншілеген жеңімпаздарымызды атап айтатын болсақ,
аспапты соло номинациясы бойынша мектебіміздің мақтанышы 8 Ә сынып оқушысы Тапалов Нұрболат алтын жүлдені иеленді. Дүбірлі додаға дайындаған жетекшісі Омаров Мейрам Серікұлының еңбегін ерекше атап кету керек. Сонымен қатар, Мейрам Серікұлының дайындаған аспапты ансамбльі  қола жүлдені  иеленді. 
      Бейнелеу өнері номинациясы бойынша мектебіміздің қылқалам суретшісі Советхан Адия алтын жүлде алды. Жетекшісі – Сатубалдина Жанар Каримтаевна.
       Хореографиядан жаңа заманғы халық биі «Үш жүзді»  мектебіміздің бүлдіршіндері  билеп, қола жүлдені иеленді. Жетекшісі – Жанделеева Динара Маратқызы.
       Ерекше жанр номинациясы бойынша мектебіміздің мақтаныштары, көптеген  гимнастикадан өткен байқауларда орын алып жүрген 5 сынып оқушылары Касенова Линара мен Абдибаева Медина қола жүлдені иеленіп, бірнеше мектепті артта қалдырды. Бұл оқушыларымызға демеу көрсеткен мектептің ғана емес, республика бойынша спорт шебері Затынбек Дараның үлесі зор. Жетекшісі – Нұрханова Ардақ Досқалиқызы.
        Киім дизайны номинациясы бойынша Шахан Мадина, Убаева Айдана, Каиргазинова Айым, Медеубаева Альмира, Абдумуминова Фариза сынды қыздарымыздың дайындаған киім үлгілерін арнайы алғыс хатпен марапаттады.  Жетекшісі – Шақмұрат Айдана Бақытжанқызы.
        Хор номинациясы бойынша 8-11 жас аралығындағы бүлдіршіндеріміз  Е.Шакеевтің «Первое утро столицы» әнін орындап, байқауға қатысқаны үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады. Жетекшісі – Ибраева Шолпан Қасқырбайқызы.
       
Мектебіміздің  дарынды жастарын жүлделі орындармен құттықтап, алдағы уақытта тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз. 

             


             


          


           


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны